Жаңа жылды кең ауқымда атап өтпеу ұсынылды

Политолог Ислам Құраев Facebook желісінде жыл сайын Қазақстанның тәуелсіздік күні мерекесі жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоятынын айтып, жазба қалдырды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

«Мемлекетіміздің ең басты тәуелсіздік мерекесі жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қойып жатады. Сол себепті жаңа жылға мемлекеттік деңгейде дайындалудан бас тартып, бар күшті тәуелсіздік күнін тойлауға жұмсауды ұсынамын», - деді политолог әлеуметтік желіде. 

Сонымен қатар политолог желідегі жазбасында бұл жағдайдың әлі де шенеуніктердің назарына алынбағандығын айтып, таңқалды. Сөзінше, тәуелсіздк мерекесі бүкіл халықты біріктіретін мейрам, ал тәуелсіздік жолында өзін құрбан еткен азаматтарды бұл күнде еске алмау орынсыз. 


Құраев бұл жағдайға ниеттес басқа адамдарды тарту үшін жазба қалдырыпты.