Мереке күндері КТК арнасы көрермендерге жоғары көңіл-күй сыйлайды. Ертең таңғы уақыттан «Ирония судьбы» сынды жаңажылдық үздік кинотуындылар көрсетіле бастайды. Ал кішкентай көрермендерге Андерсонның шығармасы бойынша түсірілген «Снежная королева» анимациялық фильмі тарту етілмек.
Арнамыздан көрсетілетін «Шымкент-шоу» театрынының мерейтойлық концерті көпшілікке шынайы күлкі сыйлайды. Бұған қоса, көрермендердің Батырхан Шүкеновтің сағындырған әндерін тыңдап, марқұмды еске алуына да мүмкіндігі бар.
Бұл кеште Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, Еркеш Шәкеев, «А-студио» тобы және Владимир Пресняков сынды қазақ және Ресей эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетеді. «Батыр LIVES» деп аталатын еске алу кешінің экслюзивті көрсетілімі ертең кешкі сағат 8:20-да эфирге шығады.
Ал 1 қаңтар күні кешкі сағат 9-да КТК көрермендері үшін Қайрат Нұртас ән шырқамақ. Өнерпаздың жуырда ғана Астана мен Алматы жұртын елең еткізген «Мен ғашықпын» деп аталатын кешін енді баршаңыз тамашалай аласыздар.
Бұл концерттен кейін, көрермен тағы да асыға күткен киноларын көре алады. Артынша отандық өнер жұлдыздары «Біздің концерт» және «Ән мен әнші» бағдарламаларында ән шырқайтын болады.
Осылайша, арнамыз көзі қарақты көрермендеріне ерекше жаңа жылдық тарту жасамақ. Ендеше, мереке күндері КТК қосулы болсын!
Loading...