Жаңа жылды тойлауға асыққан Өскемен әкімдігі елден бұрын шырша орнатып үлгерді

Желтоқсан болмай жанығып жатқан жергілікті шенділер жасыл шыршаны орманнан тікелей алдыртқан. Биікті 25 метрге жететін жүз жылдық ағаш орталық алаңға орнатылды. Оған қазынадан ешқандай ақша жұмсалмады деп сендірді атқамінерлер. Ал жаңа жылға дейін тойланатын Тәуелсіздік күнін мұндағылар мүлдем ұмыт қалдырған сыңайлы. Ең басты мерекеге әзірлік туралы әкімдер әзірге жақ ашпай отыр. 

Loading...