Синоптиктердің болжамы бойынша, ертең еліміздің басым бөлігінде күн суытады. Әсіресе, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде жел күшейіп, боран соғады. Ал батыс аймақтарда тұман түсіп, 8-10 градус аяз болады. Есесіне, еліміздің оңтүстігінде сынап бағанасы +3, +12 градус жылылықты көрсетеді. Ал елордада жаңа жылдың алғашқы күндерінде қар жауып, бұрқасын болады. Саида Бердібекова, инженер-синоптик: - Қатты жел 18-20 метр секундқа дейін күшейеді. Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облсының кей жерлерінде ғана. Шығыс аймақтарда желдің күші 9-14 метр секунд, кей жерлерде 15-20 метр секундына жетуі мүмкін. Аса қатты боранды жел болмайды.