"Екі балдық жер сілкінісі 00.27сағатта, ал екінші 3 балдық жер дүмпүі 14.00 тіркелді", - деп хабарлады ОҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Середа.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "жер сілкінісінен ешқандай апатты жағдайлар болмады, ал адамдар тіпті оны сезбей қалған", - деді С. Середа.
ҚР БҒМ сейсмология институтының мәліметтері бойынша, энергитикалық классы 13,5 болатын жер дүмпуінің орталығы Қырғызстан, Өзбекстан және Ферғана шатқалындағы шекарада болған.