Жаңалықтарды хабарлайтын "Қазақстан-2050" жаңа веб-порталы іске қосылды

Қазақстанда 2050 жылға дейінгі республиканың даму стратегиясының орындалу барысы туралы хабарлаушы дереккөз болатын веб-портал ашылды, деп хабарлады оның әзірлеушісі, "Қазконтент" АҚ төрағасының орынбасары Зарина Бахтиева.


           "Веб-порталдың мақсаты шұғыл жаңалықтар, "Қазақстан-2050" стратегиясының орындалу барысы туралы эксклюзивті аналитика дереккөзін құру", деді ол Астанада сейсенбіде баспасөз мәслихатында.
           З.Бахтиеваның айтуынша, www.strategy-2050 веб-порталында күнделікті қазақ, орыс, ағылшын тілдердінде текст түрінде, графикалық және мультимедиялық форматта стратегияның орындалу барысы туралы 40 жаңалық және талдау материалдарын беру көзделген.