Жаңаөзен оқиғасына 2 жыл

Жаңыл Ражапова, Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

-Ана үшін баладан айрылғаннан артық қасірет жоқ. Қалай қиналғанымды айтып жеткізе алмаймын. Өзімнің жолдасым жоқ. екеу еді балам. Соның біреуімен қалдым 15 жасар.

Төрехан Тұрғанбайұлы да жалғыз ұлынан айрылып қалған сол жанжалда. Қаннен қаперсіз алаңға барып мерекелік шараны көрмекке кеткен атпалдай азаматын артынша таппай қалған. Шарқ ұрып іздеп жүріп ақыры ауруханада мәйіттердің арасынан бір-ақ көріпті.

Төрехан Тұрғанбайұлы, Жаңаөзен қаласының тұрғыны :

-Мен тірі болсын деп іздедім, бірақ өлінің ішінде болады деген ойымда жоқ. Барып 3 қабатқа көтерілгенде бір бөлмеде 2 бала боп жатыр екен. Кіргеннен кейін үстіндегі киімі көзіме оттай басылды үстінде еш жарақат жоқ тек маңдайына оқ тиген екен.

- Бұл Жаңаөзен қаласының басты алаңы, естігеннің есін екеу түсін төртеу қылған қозғалыс басталған жер. Арада айтарлықтай уақыт өтті, бүгін айнала құлаққа ұрған танадай тып-тыныш. Бүгінгі мейрамда бұл алаңда ешқандай ресми мерекелік шара өтпейтін боп шешілген.

Алаңда аптығатын шара болмаса да талайдың қара шаңырағын ортасына түсірген Жаңаөзен жанжалы Әбдешовтер отбасына да тым ауыр тиді. Бұл шаңырақ 2011 жылғы толқуда отаналарынан айрылып қалған. Банк алдында тұрған азаматшаның көк желкесіне қаңғыған оқ тиген. 4 баласымен аңырап қалған отағасы Аманжолды жергілікті атқамінерлер жалдаған жатақханасынан көшіріп алып басына үлкен үй тұрғызып берген.


Аманжол Әбдешов,  Жаңаөзен қаласының тұрғыны:

-Мен алдында жұмыссыз болғанмын. Жұмысқа алды «Өзенмұнайгаз» мекемесіне. Осы үй беріп жатыр. Қолдарын келгенін жасап жатыр ғой. Сау болсын.

Бүгінгі Жаңаөзеннің әлпеті әлеуетті. Қым-қуыт тірлік қылған жандар, жүректінбей жүретін көшелер. Қирағанның барлығы қалыпқа келген.

 - Қанды  оқиғадан соң мұқым ел Жаңаөзен тынышы кеткен аймақ деп түйген, өткеннің табы бұл. Бірақ бүгінде қала қалыпты қозғалысынан айнымады. Бүйректен сирақ шығарып елдің тыныштығын тәрк етпекке етпеттеген ешкім жоқ. Тек Жаңаөзеннің желтоқсанында жазым болғандардың қара шаңырақтарында құран оқытылуда.