Осы жағдайға байланысты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі өз жауаптарын айтты деп жазады Caravan.kz медиа порталы.
"Әлеуметтік желілерде таралған Жаңаөзен қаласына әскери күштер енгізілуде деген ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі шындыққа жанаспайтынын xабарлайды. Жаңаөзен қаласында жағдай бірқалыпты. Қалада жұмыссыздарды тіркеу мен бос жұмыс орындарын бөлу мақсатында бірнеше орындар ашылғандығын және тұрғындарды барынша жұмыспен қамту жұмыстары жүргізілуде", - деп жауап берді Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.