Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Жаңаөзен қаласының әкімі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа әкім Мақсат Ибагаров болды.

Ибагаров Мақсат Оңғарбайұлы 1970 жылы Түркіменстанда туған.

Еңбек жолы:

Жерасты ұңғымаларын жөндеу жөніндегі оператор (1992);

Жерасты ұңғымаларды жөндеу ұстасы (03.1994-05.1994);

Мұнай және газ өндіру операторы (1994-1995);

Мұнай және газ өндіру ұстасы (1995-1996);

Мұнай және газ өндірісінің жетекші инженер-технологы (01.1996-06.1996);

Мұнай және газ өндіруші № 8 цех бастығының орынбасары (1996-1999);

Мұнай және газ өндіруші № 2 цехтың бастығы (1999-2000);

"ӨзенМұнайГаз" АҚ тәжірибелік-өндірістік басқарманың бас инженері (2000-2001);

№ 2 мұнай және газ өндірісі бойынша басқарма директорының орынбасары (2001-2002);

"Өзенмұнайгаз" ААҚ бұрғылау және ұңғымаларды жөндеу бөлімінің жетекші инженері (03.2002-04.2002);


№1 мұнай және газ өндіру басқармасының бас инженері (2002-2004);

№ 3 мұнай және газ өндіру басқармасының бас инженері (2004-2005);

№ 2 мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы (2005-2007);

№ 4 Мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы (2007-2008);

"Өзенмұнайгаз" ӨФ кадрлар бөлімінің бастығы (2008-2009);

"ӨзенМұнайГаз" ӨФ Жұмысшылар кәсіподағы" АА төрағасы (2009-2010 жж.);

"ӨзенМұнайГаз" АҚ №2 мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы (2010-2013 жж.);

"Өзенмұнайгаз" АҚ көлік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі Бас директордың орынбасары (2013 ж. бастап)