Жаңаөзенде 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім газдың жарылысынан зардап шекті - ТЖМ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 желтоқсанда 22 сағат 56 минутта Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тұрмыстық газ баллонын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан газдыауалы қоспа жарылып, оның арты 6 шаршы метр аумақты шарпыған өртке ұласты.

"Өрт салдарынан 3 адам, соның ішінде кәмелеттік жасқа жетпеген екі жасөспірім зардап шегіп, түрлі дәрежедегі күйіктермен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды мекеме.

Өртті ҚР ТЖМ-нің өрт сөндірушілері келгенше жергілікті тұрғындар сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті