Caravan Logo

Жаңаөзенде 7 жасар бала үйдің шатырынан құлап кетті

Жаңаөзенде 7 жасар бала үйдің шатырынан құлап кетті


Ата-анасының айтуынша, ұлдары үйдің шатырында ойнап жүрген. Төрт метрлік биіктіктен құлаған ол басын тасқа ұрған.

2012 жылы туған бала Жаңаөзен қалалық ауруханаға бас-ми және түрлі жарақаттармен жеткізілді. Баланы аман алып қалу үшін Маңғыстау облыстық ауруханасынан нейрохирург Ербол Кенжевалов арнайы келген.