Жаңаөзенде кәмелетке толмаған екі қыз жоғалып кетті

Бұл туралы Caravan.kz  медиа порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлады. 

Полицейлер мәліметінше, Фарида Чындышова мен Тілектес Жолдас 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерінен шыққаннан кейін жоғалып кеткен.

Екі қыз да 16 жаста. Фарида Рахат-4 шағынауданында, Тілектес Теңге ауылында тұрады.

Жаңаөзен полиция басқармасы өкілі жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті. Полиция қызметкерлері қыздардың орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.