Тұрғындардың бірі бөшкедегі қара алтын жер астына жасырылған десе, бірі мұнай фонтаны деп топшылап жүр. Алайда бұл екі болжам да қате екен. Мұнай компаниясының мамандары үсті цементтелген шұңқырды мұнай қалдықтарын төгетін қойма, дейді. Бұл ықшамауданның орны Кеңес үкіметі кезінде қара алтын кеніші болыпты. Ол кезде мұнай қалдығын оны өндірген жерге төгіп кете берген. Сол жылдары көмілген қалдық енді ғана жер бетіне шығып жатқан көрінеді. Жергілікті әкімдіктегілер болса, бұл тіпті мұнайдың емес, кәріз құбырларынан шыққан қалдық деп отыр. Ал төтенше жағдай мамандары бұл ауданда қандай да бір апаттың болғанынан мүлдем хабарсыз. Қара сұйықтықтың не мұнай, не тұрмыстық су қалдығы екенін білмейміз деп қысқа қайырды. Айта кету керек, бұл аумақтағы жер телімдерін Жаңаөзен әкімдігі осыдан 20 жыл бұрын үлестірген.
Loading...