Әзірге сот алдында кімдер жауап беретіні белгісіз. 16 мен 19 жас аралығындағы жеткіншектерге салынған вакцинадан сынама және осы екпе естерінен тандырған балалардан қан алынып, сот медициналық сараптама тағайындалды. Жаңаөзенде қызылшаға қарсы вакцинадан кейін ауруханаға түскендер саны бүгінде 104-ке жетті. Соның 16-сы Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Ата-аналар екпеден соң арада тура бір апта өтсе де қыздарының денесі құрысып, жиі естерінен танып қалып жатқанын айтады. Ал, атышулы вакцинаға тағайындалған сараптама қортындысы тек 2 аптадан соң дайын болмақ.
Loading...