Жаңажолда мұнайшылардың улануына салақ аспазшы кінәлі деп танылды


Санитарлық – эпидемиологиялық тексерулер мен науқастарға сауалнама жүргізген облыстық Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті сальмонеллез бен ішек жұқпасының бірнеше себептерін айтып отыр. Асханада жұмыс істейтін аспаздар мен ыдыс жуушыларда осы науқас белгілері болған. Оған қоса, ыдыс-аяқ лас әрі дұрыс жуылмапты. Қазір "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" компаниясының асханасына қатысты іс экономикалық сотқа өтті.