Жаңбырлы күндер әлі де сақталады


Бұл туралы 13-15 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасаған "Қазгидрометтің" мәліметіне сүйеніп, Caravan.kz хабарлады.  

13 сәуірде республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында суық фронттардың әсерінен  жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтілуде, таулы аймақтарда жаңбыр, сулы қар және екпінді күшті жел күтілуде.

Батыс өңірлерде салқын атмосфералық фронттардың артынан  Кавказ өңірлерімен антициклон ауысады. Алайда Жерорта теңізі мен Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймақтарда  циклондар қалыптасып,  еліміздің шығыс аймақтарында  антициклондар ауысады. Солардың әсерінен  Қазақстанның батыс бөліктерінде, 15 сәуірде  циклондар әсерінде болып  жауын-шашын, найзағай күтіледі және  оңтүстік-батыстан соққан желдің күші кей жерлерде  15-20 м/с, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.