Жанған оттың ортасынан шыға алмай қиналған қос келіншек қаза тапты


Жалын түн ортасында бірінші қабаттағы ағаш сатыдан басталыпп, әп-сәтте жоғары қарай өрлепті. Осы уақытта үйінде отырған 2 әйел пәтерден шыға алмаған күйі, түтінге тұншығып қайтыс болған. Арасында бір жасқа толмаған сәби бар, тағы 5 адамға иіс тиіп ауруханаға түссе, 9 адам аман-есен құтқарылған. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар өрттің қасақана қойылғанын бірауыздан айтқасын, енді қылмыстық іспен полиция айналысып жатыр.