Жәнібек Әлімханұлы әлемнің экс-чемпионымен жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

26-маусым күні осы қалада Жәнібек бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы  Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Лас-Вегастамыз. Сенбі Лас-Вегаста үлкен жаңалық болады және оны бүкіл әлем естиді. Вегаста болған жағдай, Вегаста ғана қалмау керек. Мен қазақша стилімді көрсетемін", - деп жазыпты Жәнібек твиттер желісінде.

Loading...

Әлімханұлы - Брант айқасы украиналық Василий Ломаченко (14-2, 10 КО) мен жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) кездесуінің андеркардында өтеді. Қазақстан уақытымен ол 27-маусым таңғысын болады. Трансляцияның басталуы 08:00.