Caravan Logo

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Техас қаласы Розенберг қаласында өткен бокс кешінде ойын көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.

Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салған жекпе-жекті неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО өткізді.

Он екі раунд болады деп белгіленген жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.

Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді.

Нәтижесінде өзінің жүлделер санын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.