Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл шешімді WBO президенті Франциско Валкарсель қазанның соңында айтқан еді. Ал Әлімханұлы 13 қарашада ұлыбританиялық Дензель Бентлиге қарсы жекпе-жек өткізді. Мунгия бір аптадан кейін аргентиналық Гонсало Корияны нокаутқа жіберді.
«WBO чемпионат комитеті жекпе-жек туралы тараптарға Хайме Мунгия мен Жәнібек Әлімханұлы арасындағы келіссөзді бастауға рұқсат беретінін хабарлаймыз. Тараптарға келісімге келу үшін 15 күн беріледі», – делінген ұйым боксшылардың өкілдеріне жіберген хатында.
Айта кетейік, 13 қарашада Лас-Вегаста қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дензел Бентли (17-2-1, 14 КО) арасында WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткен еді. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын, ал оның қорытындысы бойынша төрешілер Әлімханұлын жеңімпаз деп таныды.