Жанкүйерлер «Барыстың» шабуылшысына зақым келтірді (ВИДЕО)

Клуб жанкүйерлері команданы Астана әуежайында қарсылап, форвардты қолдарына көтеріп, шайқады, алайда ұстап тұра алмай, 28 жастағы хоккейшіні жерге түсіріп алды, ол басымен жер сүзе құлады. Жерден өздігінен тұра алмай жатып қалған ойыншыны миына зақым келуімен ауруханаға жөнелтті.

Еске сала кетейік, «Барыс» Гагарин кубогының жартылай  финалына шықты. Ширек финалда «Автомобилисті» 4:0 есебімен ұтты.