Жанна Фриске оңалып келеді

«Қазір Жанна өзін жақсы сезінеді. Мен бұдан басқа ештеңе айта алмаймын» , - деп мәлімдеді оның құрбысы. Ал БАҚ өкілдерінің «Жанна Мәскеуге  қашан оралады?» деген сұрағына ол жауап беруден бас тартты.

Айта кетейік, Жанна Фрискенің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны жайлы  ақпарат көпшілікке қаңтар айында белгілі болған еді. Қазіргі кезде әнші Нью-Йорктегі онкологиялық клиникада ем алып жатыр.