Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
"Шешкім келді, шештім. Мен қандай шындық айтсам да, ешкім тыңдамайды. Әрбір тыңдарманның өзінің ішінде бір шындығы бар. Сіздердің шындықтарыңызға сәйкес келмегенім үшін кінәлі емеспін. Мен өзімнің шындығым бар. Құдай солай жазды, "шеш" деді, шештім. Продюсер Динара Адам екеумізді танымал бір адаммен, министр ма бірдеңе. Бізге тапсырыс беруге келді. Анау кісі мені көреді де, кетіп қалады. Динара сасқалақтап сұраған кезде ол кісі "мне не нравится девушка в хиджабе" дейді. Ал мен сценаристпін, ол жерде орамалдың ешқандай қатысы жоқ. Сол кезде жұмысым кедергі бола бастады", - деп жауап берді журналист.
Желі оқырмандары "Шакең шешкізді десей, Алла демей-ақ қой", "ақыл кірген соң шешкенсің", "Орамалды шешті деген бұл дүниені таңдадым дегенді білдіреді", "Дұрыс болды, иманың жүрегіңде болсын", "Құдай шеш деді шештім дегені қалай кетті", "жәннат бұйырмаған ғой", - деп пікір қалдырды желі оқырмандары.