Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz- ке сілтеме жасап. 

BoxRec мәліметінше, Тұраровтың кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі бұрын айтылғандай 18 наурыз емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.

Жанқоштың қарсыласы - Алехандро Менесес (16-5, 9 КО), мексикалық боксшы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Еске салайық, Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта аяқтап, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.


Менесес кейінгі рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.