Жанқоштың қарсыласын неге құлата алмағаны белгілі болды

Ол сол күні жекпе-жек барысында қолын жарақаттап алған.

Бұл туралы Жанқош өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. «Кешегі жекпе жек барысында алған жарақатыма байланысты уайымдап, қалімді сұрап жатқан ағайындарға рақмет. Аллаға шүкір барлығы жақсы, төртінші раундта қарсыласымның маңдайына тиген соққыдан кейін оң қолымды ауыртып алдым, артынан белгілі болғандай ішіндегі сүйегі шытынап кетіпті. Қазір гипс салып, ем қабылдап жатырмын. Бұл кәсіпқой бокс, рингте неше түрлі күтпеген жағдайлар орын алып жатады. Ең бастысы соңына дейін сәтті аяқтап, жеңіске жеттік. Бүкіл қолдауға келген жанкүйерлерге және теледидардың артында біз үшін уайымдап отырған қазақ xалқына алғысым шексіз. Жеңісті күндер көп болсын ағайын», - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қыркүйек күні Астанада ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясында бокс кеші өткен болатын. Онда бұрын жеңіліп көрмеген 9 отандасымыз өнер барлығы қарсыластарын айқын басымдылықпен ұтты.