Жанқұш Тұраров қарсыласын сынған қолымен жеңді

Отандасымыз аргентиналықты бір қолымен-ақ жусатты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Қанат Исламның бокс кешінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров қарсыласы аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйды бірден ауыр соққылардың астына алды. Бірақ Жанқоштың жекпе-жектің орта тұсында бәсеңдеп қалғаны байқалған болатын. Боксшы оның себебін түсіндірді.

“Мен алтыншы раунд басталғанда оң қолымды сындырып алдым. Қазір қолымның сынып қалғанын сезіп тұрмын. Содан тек сол қолмен ғана ұруға тура келді. Енді, бұл да – тағдыр. Қайырлы жеңіс болды. – дейді Жанқош Тұраров.