Жансая Әбдімәлік әйелдер арасында ФИДЕ рейтингісінің үздік жүздігіне енді


Әбдімәлік еншісінде 2366 пункт бар. Жүздікке енген 14 жастағы Жансая өзінің жерлесі Динара Сәдуақасованы 15 пункте озып, Қазақстан бойынша  бірінші орынға шықты. 2014 жылдың соңына қарай спортшы әлемдік рейтингтің Топ-20 шахматшыларының  қатарына кіруді жоспарлауда.ФИДЕ-нің қазіргі рейтингісінде венгриялық Юдит Полгар көш бастап келеді.