РФ Ханты-Мансийскіде өтіп жатқан әлем біріншілігіндегі жеті турдан кейін Жансая жеті ұпаймен турнир кестесінің басында келеді. Әбдімәлік басым түскен соңғы шахматшы - азербайжандық Гунай Маммадзаде. Осы жеңісінен кейін отандық шахматшы басқа көшбасшылардан едәуір озып кетті. Оның соңынан алға шыққандар ішінде Қазақстанның тағы бір шахматшысы - Динара Сәдуақасова келе жатқанын атап өткен жөн. Ол аралық нәтиже бойынша бес жарым ұпаймен үшінші орында.
Турнирге 40 елден 106 үздік шахматшылар қатысып жатыр.