Екі адам ғана сиятын кабриолетте тағы бір жолаушы отырған екен. 23 жастағы азамат жансақтау бөліміне жетпей жан тапсырды. Қос көліктің де түгі қалмай жаншылған. Қырсыққанда, соңғы үлгідегі екі темір тұлпардың да қауіпсіздік жастықтары іске қосылмай қалыпты. Джип жүргізушісі қазір өлім аузында жатыр. Әзірге белгілісі, жүйрік көліктер жол қиылысында оңбай соқтығысып, қапталдан асып құлапты.