Жантүршігерлік жол апаты 4 адамның өмірін жалмады


Қалаға кіре берісте «Тойота камридің» жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, жол жиегінде орналасқан салмағы үш тонналық мүсінді қағып өткен. Автокөліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, екеуі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Мәлемет бойынша, машинада бір отбасының мүшелері болыпты. Қазір жол апатының себептері анықталып жатыр.