Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасы қырылып қалды


Жеңіл машинадағы жеті адамды алып шығу үшін құтқарушыларға жапырылған темірдің жартысын кесуге тура келді. Бес адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Олардың бірі – әлі буыны бекімеген сәби. Үш жасар бала жедел жәрдемнің ішінде көз жұмып, аман қалған он сегіз жастағы қыз жедел ауруханада жеткізіліпті. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр. Болжам бойынша, Шарбақты ауылына таяу жерде шұңқырды айналып өтпек болған автобус жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған. Қоғамдық көлік ішіндегі 43 адамның барлығы дін аман. Тек автобустың алдыңғы бұрышы майысып, терезесі шытынапты.