Жантүршігерлік жол апатының шуы Парламентке жетті

Мұрат Бахтиярұлы, Сенат депутаты:

-Ұлына дұрыс тәрбие бере алмаған азамат ол қалай мемлекеттік қызметкер болады деген. Ол біздің заңда жоқ. Менің ойымша, моральдық тұрғыдан алғанда, ондай әке отставкаға кетуі керек.

Жабал Ерғалиев, Сенат депутаты:

-Әкесі енді өзінің адамгершілігіне байланысты, егер менің балам мынадай жасады, менің енді мына қызметті атқаруға моральдық құқым жоқ деп кетіп жатса оған пәлен деуге болмайды. Ондай бірақ, біздің Қазақстанның практикасында жоқ мәселе ғой.

Қымбат БМВ-сымен алты адамды қағып біреуін мерт қылған 24 жастағы Мақсат Үсенов қазір абақтыда. Жылдамдық қуғанды сүйетін бай баласының  негізі рөлге отыруға ешқандай құқы болмаған. Себебі жыл басында арақ ішіп  көлік айдағаны үшін құжатынан айрылыпты. Сондай-ақ лауазымды атқамінердің ұлы осы кезге дейін Алмалыдағы аудандық әкімдікте қызмет қылған. Ал Астанадағы әкесінінің жұмысына хабарласқанымызда көмекшілері «ол еңбек демалысында, не іссаппарға кетті» деп байланыстырмай қойды.