Бұл туралы Caravan.kz порталы Bugin.kz платформасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қоғам белсендісі қазіргі таңда кезек күттірмейтін мәселеге халық болып атсалысу қажет екенін айтады.
“Құрметті қауым! Мен сіздерден кешірім сұраймын. Сіздерде өте маңызды дүниелер өте көп. Мына жақта болмайтын мәселе, қазақтың шаруасының малы күнде жан тапсыруда. Ол хайуандарда тіл жоқ. Бірақ, көзіне қарасаңыз адам сияқты жас ағып жылайды. Мен аманат қылып алғандай, көз алдымда осы жануарлардың бейнесі. Өкіметке де, кейбір елге де өкпем қара қазандай. Жыным келіп, қаным қайнайды. Өзімше бүк түсіп алғым келеді. Бірақ мынандай қиналған жануардың қиналып жатқанын көргенде, бәрін ысырып қойып қайта әрекет жасауға көшемін.
Сіздерді “маңызды” сұрақтардан мазалап уақыттарыңызды алғаныма кешірім сұраймын!”,
– деп жазған ол осы видео арқылы
Маңғыстаудағы жайтқа көмек қолын созу мәселесіне ел назарын аударғысы келетінін жеткізді.