"Жанын жеп, жұлынып жатыр": Нұрлан имам Ганвестті көргендегі әсерімен бөлісті

Имам тікелей эфирде желі оқырмандарының "Ганвестті көріп шошып кеттіңіз бе?" деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

"Шошыған жоқпын. Ганвест жаман бала емес. Қазақтың баласы. Сіздер оның түріне қарамаңыздар. Адамның іші одан да жаман "Ганвесттер" бар. Іші сондай, сырты әдемі адамдар бар. Әдемі тақия, шапан киіп алған, сақалы болуы да мүмкін. Адамның сыртына қарап үкім берілмейді. Соған қарап тұрдым да, "Иа, Алла! Осы жігітке тәубе бер" дедім. Екіншіден, әлі біздің жұмысымыз көп екен деп ойладым", - деген.

Ал, "Ганвест әнді қалай айтады екен?" деген сауалға ""Ни че". Жанын жеп, жұлынып жатыр. Ән айту оңай емес. Қазақта "жаныңды салып айтасың" дейді ғой", - деп жауап берген Нұрлан Байжігітұлы.


Loading...