Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол су жаңа үйіне қайтадан жөндеу жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.
"Үйімді су басты. Полдың бәрі су, паркеттің бәрін алып тастадық. Мебельдің бәрін шығарып тастадық. Мынау менің жатын бөлмем еді ғой, бәрін қайтадан 0-ден бастап жатырмын. Бәрін көтеріп тастаған. Маған енді бірдеңе деп қойыңыздар.
"Сабыр түбі сары алтын" деп, Мөлдірге бүгін сабыр берсін деп тілеңіздер. Жап-жаңа үйіміздің осылай быт-шыты шықты. Қайырлысы, әр нәрсенің қайыры бар", - деді ол.
Көпшілік әншіге қолдау көрсетіп, жылы тілектерін жаудырып жатыр.
"Сол үшінде мақтанып не болса соны көрсетудің керегі жоқ кім болсада счастье любит тишину дегендей қазір туысың жақсылық тілемейтін заманда бәрін күтуге болады, тіл көз соның ішінде", "Қайдан кірген су?жер үй ме?көршілер төбеден жіберген ба", "Қарапайым үйде тұрған дұрыс сияқты. Жөндеуі де қарапайым болады. Бұрынғы ремонттан 10-20 есе арзан шығады . Қарапайым құрылысшылар да көп сұрамайды. Басқалар сияқты", - деп жазды ол.