"2012 жылдың 24-26 ақпан күндері алматылық "Цезарь" кинотеатрында жапондық киноның дәстүрлі фестивалі өтеді", делінген сейсенбіде жапон елшілігінен таралған хабарламада.
Фестивальдің ұйымдастырушылары Жапония елшілігі және Олег Борецкийдің киноклубы, "Цезарь" кинотеатры қолдау көрсетуде.
"12-ші фестиваль барысында Жапонияның 5 фильмі көрсетілмек, онда жапондықтардың өнері, мәдениеті, тілі мен тұрмыс-тірлігі қамтылған", делінген ақпаратта.