Жапондық мамандар алматылықтарға экстремалды жағдайлардан аман шығу әдістерін меңгеруге көмектеспек

Алматыда сәрсенбіде апат жағдайлары профилактикасының кешенді саясатына арналған халықаралық семинар өтті, оған жапондық халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) шақырған жапондық сарапшылар қатысты.


           "Біз қазір тұрғындарды оқытудың әдістемесін жетілдірудеміз. Бізде контейнерлік үлгідегі палаталық лагерлер бар. Біз қаланың сыртында жаттығуды ұсынамыз, яғни палаткалар құрып, от жағу. Әдетте, ірі төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметтері адамдарды үйінділердің астынан шығарумен, медициналық көмек көрсетумен айналысады. Қала тұрғындары болса ешкімді күтіп отырмай, бәрін өздері жасауға тиіс", деді Алматы әкімінің бірінші орынбасары Юрий Ильин сәрсенбіде семинарда.