Осыған дейін Тайвань лифтісі ең жылдамы ретінде саналатын. Ол сағатына 60,6 шақырым жылдамдыққа дейін қозғалатын.
Hitachi мамандарының сөзіне қарағанда, жаңа лифтіні жасауда жоғары жылдамдыққа қол жеткізу үшін олар қуатты қозғалтқыш пен әлдеқайда жеңіл арқандарды пайдаланған.
Жаңа конструкцияны келесі жылдан бастап салынып жатқан 111 қабатты биіктігі 530 метр болатын Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы ғимаратта пайдалана бастайды.
Hitachi өзінің өнімін Қытай нарығына жылжытуды жоспарлап отыр. Бұл елде лифтіге қажеттілік әлемдік сұраныстың 60 пайызын құрайды, деп хабарлады компанияның өкілі Тосиюки Оно.