Мұнда жүз жасаған 58 мың 820 адам тұрады, деп хабарлайды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
Денсаулық, еңбек және әл-ауқат министрлігінің хабарлауынша, бұған медициналық технологиялар саласындағы жетістіктер мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуы ықпал еткен болуы мүмкін.
2013 жылдан бастап Жапонияда 4423 тұрғынның жасы бір ғасырлық межеден асып жығылды. Ұзақ өмір сүрген қарттардың 87,1 пайызы әйелдер көрінеді.
1963 жылы министрлік ұзақ жасаушы қарттардың есебін жасауға кіріскен-ді. Ол кезде жүз жасаған қариялардың саны 153 болатын. Жапонияда әйелдер орта есеппен 86,81 жыл, ерлер 80,21 жыл өмір сүреді.