Жапондықтар жасаған тағы бір робот әлемді таңғалдырды


Аико Чихира атты робот өз міндетін жақсы біледі. Тұтынушыларға қажетті мәліметтер ұсынып, алғашқы жұмыс күніне кірісіп те кеткен.

Toshiba компаниясының инженерлері бұл ерекше құлтемірді сатып алушыларға қызмет көрсету үшін арнайы ойлап шығарған. Аико Чихира әзірге тек жапон тілінде сөйлейді. Алайда мамандар болашақта саяхатшыларға да түсінікті болу үшін оны басқа да тілдерде сөйлейтінін айтып отыр.