Жапония премьер-министрі Қазақстанға не үшін келе жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы  Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.

9 тамызда Астана қаласында "Орталық Азия + Жапония" диалогының бірінші саммиті өтеді.

10 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.