Жапония 2011 жылы 11-наурыз күні жер сілкінісі мен цунамиден қаза болғандарды еске алуда

Жапонияда жұмада 2011 жылы 11-наурыз күні жер сілкінісі мен цунамиден қаза болғандарды еске алуға орай шаралар өтуде.


Жергілікті сағат 14:46-да (мәскеулік сағатпен 08:46) бір минут үнсіздік жария етілді. Дәл сол сәтте бес жыл бұрын жер сілкінісі болған.
Жапондық Эн-эйч-кей телеканалының хабарлауынша, жапон үкіметі 2011 жылы зардап шеккен аудандарды қалпына келтіру бойынша жаңа бесжылдық жоспар қабылдады, ол алдыңғы бесжылдық жоспардың орнына орындала бастамақ.
Телеканалдың дерегіне қарағанда, 2011 - 2021 жылдары жапон үкіметі жаңа жоспарды ескере отырып, қайта құруға шамамен 280 млрд доллар жұмсамақ.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, ол кезде 15894 адам қаза болған, 2561 адамнан әлі де хабар жоқ. 170 мың адам осы кезге дейін уақытша не жалдамалы пәтерде тұрып жатыр.
Алып толқын "Фукусима-1" АЭС басып қалды, бұл 1986 жылы Чернобыль АЭС кейінгі ең үлкен апат болды.