Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэ өз елінің Екінші дүниежүзілік соғыс барысында капитуляциялануының 68 жылдығына орай сөйлеген сөзінде Токионың осы қарулы қақтығыс кезіндегі әрекетіне қатысты өкінішін білдірмеді, дейді батыс БАҚ.
Үкімет басшысы жапон астанасында сөйлеген сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс барысында қайтыс болған жарондықтарды есте сақтауға шақырды.
«Біз бүіл әлемде бейбітшілікті қолдауға үлес қосу үшін қолымыздан келгенін аямаймыз», дейді С.Абэ.
Соңғы жылдары Жапония премьері 15 тамызда сөз сөйлеу кезінде XX ғасырдың басында және Екінші дүниежүзілік соғыста келтірілген залал үшін басқа азиялық елдерден үнемі кешірім сұрауы дәстүрге айналған болатын.