Жапония қазақстандықтар үшін визаға өтініш беру тәртібін жеңілдетті

Жапония Қазақстан Республикасының азаматтары үшін визаға өтініш беру тәртібін жеңілдетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Жапонияның ҚР-дағы елшілігіне сілтеме жасап.

Дипломатиялық өкілдікте атап өткендей, тәртіпті жеңілдету туралы Сыртқы істер министрлігінің 6-шы жиналасында «Орталық Азия + Жапония» диалогының аясында айтылды. Жаңа ереже 2017 жылғы 5 маусымнан бастап күшіне енеді.