Жапония Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына тез арада мүшелікке өтуін қолдайды

"Екі ел арасында Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтуі туралы мәселе бойынша екі жақты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Өзара көп кешікпей шешілуі тиіс санулы ғана мәселе қалды",- деді Жапониялық елші.

И.Онодераның журналистерге хабарлауынша, оның Қазақстанға сапары "Астанада Жапония елшілігінің ашылуына байланысты қонақасы рәсімін ұйымдастыру және екі жақты қарым-қатынастарға тың серпін беру" мақсаттарын көздейді.
15-маусымда Жапонияда Қазақстанның Ұлттық күні атап өтіледі,- деді парламенттік хатшы.