Жапония Солтүстік Кореяға қатысты бірқатар санкциялардың күшін жойды

Бұл туралы бейсенбі күні журналистерге Жапония премьері Синдзо Абэ мәлім етті.

Аталған шешім екі ел арасында өткен ғасырдың 70-80-жылдары ұрланған жапондықтардың тағдырын зерттеу жөніндегі келісімнен кейін қабылданып отыр.

Дегенмен премьер нақты қандай санкциялардың алынып тасталатынын айтқан жоқ. Бұл мәселе министрлер кабинетінің жұмадағы отырысында белгілі болмақ.

Жапония мен Солтүстік Корея арасындағы келіссөздер Бейжіңде өткен болатын.