Жапония үкімет басшысы Қазақстан мен Өзбекстанда экономикалық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылайды



Жапонияның сыртқы саясат мекемесіндегі ақпарат көздерінің агенттік тілшісіне хабарлауынша, Жапония үкімет басшысы Қазақстанға 28-тамызда келіп, сол күні президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Екі жақты қарым-қатынастарды нығайту және дүнежүзіндегі қорының 30 проценті Қазақстанның аумағында орналасқан уран кеніштерін бірлесіп игеру туралы келісімге қол қою мәселесі келіссөздерге басты арқау болмақ.

Өзбекстанда Д.Коидзуми президент Ислам Кәрімовпен келіссөздер жүргізеді.

Жапониялық шолушылардың пікірінше, "сыртқы саяси байланыстарды дамыту стратегиясының" аясында алдымен Монғолияға барғаннан кейін екі аптаға жетпей Орталық Азия елдеріне келетін Жапония үкімет басшысының осы жолғы төрт күндік сапары Жапонияның аймақтағы саяси және экономикалық үдерістерге белсене атсалысу ниетін айқын көрсетеді.

Токио келешекте Орталық Азиядан Ауғанстан арқылы Үнді мұхитының жағалауына дейін мұнай және газ құбырларын тарту жобасын жүзеге асырудан мүдделі. Ал Үнді жағалауынан қуат көздерін Жапонияға дейін танкерлермен тасымалдауға болады. Алайда бұл істе басты қиындық - қауіпсіздікті қамтамасыз ету болмақ. Сол себепті, СІМ-дегі ақпарат көзінің хабарлауынша, осы жөнінде Орталық Азия елдерінің мемлекет басшыларымен әңгіме өрбиді.