Жапония үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді



"Дзюнъитиро Коидзумидің алдағы сапары Жапония жағының Қазақстандағы сыртқы саяси бастамаларды қолдайтынын және демократияландыру мен әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалайтынын дәлелдей түседі",- деді Е.Ашықбаев.

СІМ өкілінің пікірінше, "бұл сапар 1999-жылғы 6-желтоқсандағы бірлескен декларацияға сәйкес екі жақты стратегиялық әріптестікті іске асыру мен "Орталық Азия+Жапония" диалогын дамытуда маңызды бір кезең болып табылады".