Жапония үкіметі қазақстандық бейресми ұйымдарға 187 мың теңгенің грантын бөледі

Жапония елшісі Тэцуо Итоның айтуынша, "Шөп тамыры" бағдарламасы аясында үш жобаға қаржылық қолдау көрсетуге шешім қабылданған. Атап айтсақ, 55,6 мың доллар көлеміндегі грант Павлодардағы құрт ауруына шалдыққан балаларға арналған бақша-шипажайдағы жүзу бассейнін жаңалауға, 50,5 мың доллар көлеміндегі грант тағы Павлодардағы жалғызбасты әрі кедей аналарға арналған ақысыз асханаға ас үй жабдықтарын сатып алуға, тағы 80,7 мың долларлық грант Алматыдағы №2 балалар ауруханасына арнап жасанды тыныс алдыру аппаратын, ультрадыбысты диагностикалық сканер мен басқа да медициналық жабдықтарды сатып алуға бөлінеді. "Осынау үш жоба 6 мыңнан астам өтініштердің арасынан іріктеп алынды",- деді елші.

Оның айтуынша, Қазақстанда 1997-жылдан бері "Шөп тамыры" бағдарламасы аясында Жапония үкіметің қаржылық қолдауымен жалпы сомасы 1,5 млн. долларды құрайтын 22 жоба жүзеге асырылды. "Біз осынау жобалардың, мәселен, сатып алынған медициналық жабдықтардың көмегімен тым құрыса бір баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болған жағдайда көмекті тиімді деп санар едік. Ол Жапон халқы үшін үлкен мерей",- деді Т.Ито.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті