Жапония үкіметі толық құрамда отставкаға кетті

Министрлердің отставкасын премьер-министр мақұлдауы тиіс. Ауысулар барысында СІМ және қорғаныс министрлігінің жаңа басшылары тағайындалады. Елдің вице-премьері және қаржы министрі Таро Асо, жапон үкіметінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга, сондай-ақ, Жапонияның экономика, сауда және өндіріс министрі Хиросигэ Сэко қызметтерін сақтап қалуы ықтимал.

Бейсенбі күні жаңа үкімет құрамы жарияланып, ресми өкілеттіліктерін алады. Бұл туралы Жапония императоры Акихито үкімет құрамын бекіткен соң хабарланады.

Абэ халық арасында рейтингтің төмендеуіне байланысты үкімет құрамына өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдады. Өткен аптада елдің қорғаныс министрі Томоми Инада отставкаға кеткен болатын. Ол жапон бітімгерлерінің Оңтүстік Суданда болған кезінде орын алған атыс туралы қоғамнан жасыруға қатысқан.